Казахские традиции
rus / eng / kaz
tradition.kazakh.ru (beta)


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции

Праздники, свадебные обряды, обряды погребения, традиционные пожелания — бата.

Жабық астында жарты күлше.

Жас келіннің батасы,
Жастардың көп қатасы.
Жек көрмейді баласы,
Анасы мен атасы,
Балалар, көтер қолыңды,
Қайырлы құтты жолыңды,
Ием берсін мал мен бас.
Толтырсын оң мен солыңды.
Мен берейін батамды,
Кішіпейіл болып, келінжан,
Сыйла енең мен...


Жаулығын сенің жамандық,
Әзәзілден жабысқан.
Жүрегіндегі қаралық,
Пайда болган қарғыстан.


Себелеп інжу шашады, Сергітіп көңіл ашады.

Әне барды өзі, Көрінбейді ізі.

Бір нәрсе көрінбейді, бар ғой өзі, Адамзат ол нәрсені көрмес көзі. Жансызды қимылдатып жанды қылар, Ызылдап, ызың қағар айтқан сөзі.

Бір нәрсе асты-үсті алты қақпақ, Бар пенде ырызығын сонан таппақ. Бұлт алып айналасы күркіресе, Қар жауып арасынан болады аппақ.

Тап-тап табаны ақ, Табаны жалпақ қоян-ақ. Басып кетсе ізі жоқ, Бауыздаса қаны жоқ.

Аспай піскен, Қайнамай түскен.

Бір жатқан зор кемеңгер қара кісі, Қимылдар сол кісіден елдің тісі. Талқандап беті-жүзін тырнасаң да, Бір ауыз неге үйттің деу емес ісі.

Зер-зер кілем, зер кілем, Көтерейін десем зор кілем.

Өлшеусіз піштім, Жіпсіз тіктім.

Топырақ желді мініп, желді айдайды, Болғанда түске жақын көлге айдайды. Тамшыны жерден тамған керек қылып, Топырақ өз-өзінен айқайлайды. 

Бір түкті кілем, Бір түксіз кілем.

Жарын ажал жалмаған.
Жесірлік кімнен қалмаған.
Қамығпағын қарағым,
«Түстім» деп ерте арбадан.


Жетімді желеп өтпеген,
Атасына ұл емес.
Пайғамбарға тіл тисе,
Аллаға адам құл емес.


Бір атадан туыпты  жиырма тоғыз баласы, Бірлігінде бұлардың,  ешкімнің жоқ таласы, Бірігіп жүріп іс қылар,  өзің ойлап қарашы.

Қаздар бар жиырма тоғыз бірге туған, Әлемнің былық басқан бетін жуған. Қор болмайды, өмірде кем болмайды, Туа салып анадан соны қуған.

Жансызға жиырма тоғыз*  болдым таныс, Тамаша бір жүйрікпен қылдым жарыс. Жансыз тұрып, жандының себебімен, Аяғын басады екен шәркем шалыс.

Қатыныңның алдында,
Базардан келген бөздей бол.
Жакыныңның алдында,
Жаксыдан қалған көздей бол.


Кішкентай құдығымның суы тәтті.

Ауылдан ауылға асады, Іргесін бірге қосады. Жатыр ұзын көсіліп, Белден әрмен жосылып.

Ұзын-ұзын, ұзын жіп, Ұшы қайдан табылар?

Ұзын терек, саясы жоқ.

Ұзын-ұзын ұз келер, Ұзын бойлы қыз келер.