Казахские традиции
rus / eng / kaz
tradition.kazakh.ru (beta)


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции

Праздники, свадебные обряды, обряды погребения, традиционные пожелания — бата.

Әділетті бол халқына.
Жетім, жесір, жартыңа.
Қамқоршы бол әрқашан,
Жақыбай мен жарлыға.


Қандай заман болса да,
Алды артың кең болсын.
Қанша ауыр болса да,
Артқан жүгің тең болсын.


Ти, ти десем тимейді, Тиме десем тиеді.

Үлкен ой, Үлкен ойдың ішінде, Кіші ой,  Кіші ойдың ішінде, Балуан би.

Әртүрлі, орта бойлы, ұзын құлақ, Өзіне міндеттесе қызмет қылмақ, Бүріскен, жазық емес біткен тұяқ.

Айнала қарағайдан тұр терегі, Адамға ақыл қосса бар керегі. Ол өзі он өзекті жайлап өткен, Сексен сегіз келеді дөңгелегі.

Әрі лап-лап, бері лап-лап, Қанша үлкен болса да, Орнына келер жапсақ.

Ерте тұрдым, Алып ұрдым.

Қара үй, қара үйдің ішінде ақ үй, Ақ үйдің ішінде бес бала. Бесеуінің қолында бес айна.

Оның тіккен бұйымы, Аяғыңда қартайды. Шыға қалса жұлымы, Әдемілеп баптайды.

Асты пышақ, үсті істік, Өзіне лайықтап киім пішкен, Секіріп-секіріп түскен.

Халінше сайманы ғой керек заты, Көтерген екі дана құрығы бар. Беретін жақынына жаны ашып, Ашытқан бір аяқтай қымызы бар.

Шақырса келмес, жаяу жүрмес.

Базардан бір текемет алдым сатып, Алты айдай текеметте жүрдім жатып, Бұл іске мен ғажайып болып тұрмын, Қалды ғой алты айдан соң айран  қатып.

Екі ауылдың баласы еңбектеп келеді, Төрт ауылдың баласы төбелесіп  келеді. Бір ауылдың баласы шөпшек теріп  келеді.

Жақсы әке білсеңіз,
Жақсы үлгі ұлына.
Жаман бала білсеңіз,
Қарайды әке пұлына.


Құтты болсын Жаңа жыл!
Қуанамыз баршамыз.
Қыдыр ата келіп тұр,
Ортамызда шыршамыз.


Ел ішінен келді, аты жоқ, Ел оған ат берді жаны жоқ.
Соғымына екі қой берді, Еті бар, сүйегі жоқ.


Мезгілсіз піспейді. Піспей түспейді, Шыңнан құласа, Шекесі іспейді.

Күндіз тіпті ұшпайды, Түнде тышқан ұстайды, Көзі шамға ұқсайды.

Ақ сандықты  анасы сақтады ма,
X жар-жар.
Ата –ананың үміті ақталдыма,
X жар-жар.
Құдалар мен құдағый екі жақтан,
X жар-жар X
Құдаласып бір сөзге тоқтадыма,  
X жар-жар X


Айтамын жарапазан есігіңе,
Қошқардай қос ұл берсін бесігіңе.
Қошқардай қос ұл берсе бесігіңе,
кім келіп, кім кетпейді есігіңе.


Бір құс бар жан білмейтін ішкен асын, Адамға көрсетпейді жұмыртқасын.

Қанаты бар, Қауырсыны жоқ.

«Бергенде Құдай, тәубе» деп,
«Алғанда Құдай, тәуба»деп,
Жүрер пенде баласы,
«Сауға деп, маган сауға» деп,