Казахские традиции
rus / eng / kaz
tradition.kazakh.ru (beta)


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции

Праздники, свадебные обряды, обряды погребения, традиционные пожелания — бата.

Тынбайды жылтыр мұзда екі жорға, Екеуі құлай жаздап кейде зорға. Кей уақыт зырлап келіп кілт сүрініп, Болады құлағандай қазған орға. Минутта тоғыз бекет аралайды, Он жігіт қызмет етіп жүрген сонда.

Жылқыда ерен жүйрік қара арғымақ, Мойыны жануардың бунақ-бунақ. Айылын екі жерден мықтап тартып, Кетеді қамшы бассаң зулап-зулап.

Төрт қазық, екі желі, тоғыз ноқат, Сайрайды бұлбұл құсша адам соқса. Шешенсіп адам барда тұрсадағы, Байланар тартса тілі адам жоқта.

Қос желі, үш жерінен қазығы бар, Құбылған қоңыр желден азығы бар. Желіні сабалайды дыңылдатып, Байқұстың соншама не жазығы бар.

Қояды әркім оны бұрап-бұрап. Бар екен маңдайында жалғыз көзі, Болады тоқсан түрлі айтқан сөзі.

Басы бар денесі жоқ, бойы бір кез, Табарсың болсаң зерек осыны тез. Қозғалсаң қос құлағын тігіп алып, Тамаша әр тараптан айтады сөз.

Тоғыз белбеу, қос жібек, Екі мұрын, бір шүмек.

Екі жерде жалы бар, Күні-түні жолығар. Күні-түні тоқпақтар, Маңдайының зоры бар.

Қолымда бір қамшым бар екі өрмелі, Істеген әшекейлеп әртүрлері. Бойында сол қамшының қасиеті көп, Қолына алған кісі бір сүйсінеді.

Ұрсаң қатты зырлайды, Жерге қарғып тұрмайды. Тиіп кетсе басыңа, Ешбір зиян қылмайды.

Досты құдай қосады.
Қыяметтік досым бол.
Жақсылықтың жаршысы,
Ұлы іске өсім бол.


Әуелі Құдай оңдасын.
Ай көзінде Әулие,
Күн көзінде Әулие,
Мағрифта Әулие,


Күнәдан бізді шектетіп,
Жаратқан Ием жарылқа.
Тазалай гөр рухымызды,
Болғандай қылып ақ ұлпа.


Жүруге жоқ, шығуға жарар жаны бар, Тәртіппен тұратын өз әлінше сәні бар. Керек болар кейіндер түйіп алған, Азық қылар біразырақ дәні бар.

Желі басында бес бие, Бесеуі де жас бие. Құлындары құла ала, Құлақтары сары ала.

Бір тобықта жеті жыртың.

Күз бен күздің арасы,
Көпір болса екен-ай.
Екі елдің арасы,
Тату болса екен-ай.


Бір нәрсе зында деген онан да әрі, Жауады бұршақ-бұршақ оның қары. Сол қары көк соқта болып ерігенде, Үміткер, татайық деп жанның бәрі.

Кішкене ғана аран, Асты толған боран.

Өзі жаңа, Өзі тесік.

Қазағымды, елімді,
Дешті Қыпшақ жерімді,
Пәлекеттен қорғасын,
Әрбір күнің ашық болып,


Азаматы бол Отанның,
Баласы болғанша атанның.
Қалқаны бол еліңнің,
Қалқасы болғанша апаңның.


Тұнық болсын құдығың.
Жағымды болсын қылығың.
Асырмасын басыңнан,
Ешбір пенде құлығын.


Тұрса түйедей, Жатса қояндай.

Отырған жері ой-шұңқыр, Басқан жері бай шұңқыр. Алдымда қылқан, Артымда қылқан.