Казахские традиции
rus / eng / kaz
tradition.kazakh.ru (beta)


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции

Праздники, свадебные обряды, обряды погребения, традиционные пожелания — бата.

Жоқтан бар қып сайратқан, Тыңдаған жан жай тапқан. Таңғажайып бір нәрсе, Үйдің ішін жайнатқан.

Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қонақтарды көңілдене сыйлайды.

Ауылдарың малды болсын,
Жылқыларың жалды болсын.
Азаматтарың аянбай еңбек етіп,
Ағайынның алды болсын!
Әумин.


Дастарханың базарлы,
Әрқашанда тоқ болсын.
Уайым - қайғын азарлы,
Ешқашанда жоқ болсын.


Үп-үшкір таяғы, Жыланның көзін ояды.

Бір бөлек көріп жүрмін жайма базар, Өн бойы бір азамат қағаз жазар. Қасында құдығы бар тастан соққан, Суарып қолда сайман пайдаланар.

Жапанда бір құдық бар суы тәтті, Ішінде бір бәйтерек бек айбатты. Жаралған десең болар, қандай шебер, Адамзат не бол десе, сол болыпты.

Бір нәрсе өзі жансыз, жоқ қой жаны, Бір тарау ортасында байлағаны. Өзінің жұтатұғын көмейі жоқ, Қалады жерге түсіп шайнағаны.

Қырдан қырайман көрдім, Судан сүлеймен көрдім. Қайырылып тұрған тас көрдім, Тұзсыз піскен ас көрдім.

Қария күркірейді көбік атып, Әркім-ақ іздеп барар жүгін артып. Дарияның ары-бері өткелі жоқ, Біреуі келген емес тірі қайтып.

Бір топ қой бір көпірден өтіп жатыр, Астында бір қобдиға кетіп жатыр. Өзгеріп заңдары да басқаланып, Будалап әрбір жоққа жетіп жатыр.

Көздің майын тауысқан,
Оқуыңыз тәмәм боп,
Ортамызға оралдың,
Бас бармақты маман боп.


Құдая құлымын дегейсің,
Мұхаммед үмбетімін дегейсің.
Шадияр досым дегейсің,
Имам ағзамның қауымында қыл,
Шайтанның сәрінен сақта,
Патшаның кәрінен сақта,
Намаздың қазасынан сақта.
Пайғамбардың туында қыл,
Аузы кәусардың суында қыл,
Иман байлығын бер,


Асты тақтай, үсті тақтай, Қонады сол тақтайға үйрек қаптай. Үйректі екі мерген атамын деп, Аңдиды тұрғысынан дамыл таппай.

Бір көлден он екіден қаз ойнайды, Алсам деп бірін-бірі наз ойнайды. Келгенде жақындасып, қожандасып, Бір-бірін алмасына еш қоймайды.

Алты пар, он екі қазы, Жүрмейді рұқсатсыз оның өзі. Осыған екі қасқыр кеп таласып, Ақылмен жеңіп алар жетсе кезі.

Қария үсті тақтай, асты тақтай, Үйрегі жиырма төрт қонған баққа-ай. Ұшқанда бір-біріне қарсыласып, Соқтықпай, ұшады екен қанат қақпай.

Бір ат бар екі кісі арасында, Жиылған көлеңкесі панасында. Сегіз сәкім, екі әліп, бірі тәштіт Жұмбағым менің сондай табасың ба?

Базардан алып келген сары сандық, Он жігіт зорға барып кілтін салдық. Он жігіт кілтін салып қозғап көрсек, Сөйлейді әлгі сандық дамбыр қағып.

Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта, Сөйлейді шежіредей адам соқса. Тағы да бір мінезі таңғажайып, Ешуақыт сөйлемейді адам жоқта.

Мойнына қатар-қатар түйме салдық, Сегіз қыз, сегіз қызға қосылдырып, Құбылтып неше түрлі күйге салдық.

Келемін жоғарыдан күймелемей, Он жерден омырауды түймелемей. Сегіз қыз, сегіз жігіт ән салады, Япыр-ай, не екенін білмедім-ай.

Салдырдым екі жорға жалтыр мұзға, Он жігіт қызмет қылып жалғыз қызға. Күніне жалғыз бекет жерді аралап, Он жігіт тынығады әрең сонда.

Қос қазық екі жерден шынжыр арқан, Сылдырап әр буыны үнін қосқан. Он адам жолдас болып еңбек етсе, Аралап он екі үйге қонақ болған.

Тартылған екі арқаны ұзын бойға, Сөйлеуге сондай шебер тапсаң айла. Әр жерде аршындаған балдағы бар, Ойнайды он бармағың білсе қайда.