Казахские традиции
rus / eng / kaz
tradition.kazakh.ru (beta)


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции

Праздники, свадебные обряды, обряды погребения, традиционные пожелания — бата.

Балалықтың базары,
Ертегінің ғажабы.
Жігіттік кез, боз бала,
Ол ғұмырдың ажары.


Қазақтың қызы болсаңда,
Басқа тілде таныссаң,
Татарсың жаттың дәм тұзын.
Еліңмен қатар жұрмейтін,


Қуып едім мойын бұрмады, Ұстайын деп едім қолға тұрмады.

Жер түбінен боз жорға ат келеді.

Бір нәрсе менен биік, Кейде менен аласа. Мұндай қызық дүниеде, Көріп пе едің тамаша.

Бек тұрған, Белін буып, Тек тұрған.

Қыналы бармақ, Жез оймақ.

Үлпершекке қан құйып, Үріп талға байладым.

Бір нәрсе екі аяқты, сегіз бармақ, Іліксе дүниенің бәрін алмақ. Өзінің тілі бар да, тістері жоқ, Жұтады көрінгенді алмап-жалмап.

Қара арғымақ мінгенім, Қыр айнала жүргенім. Сегіз найза сенгенім, Он екі қылыш ілгенім.

Япырым-ау, бір мақұлық осындай-ау, Қасында екі сойыл емес жаяу, Шабатын өткір оның қылышы бар, Қолына түскен жанды болмайды аяу, Жымқырып қиып алып шықса кәне, Аспанның ол бір түрлі нажағайы-ау.

Жапанның желдей жүйрiгi, Жетедi көктiң бұйрығы. Жеткенде бұйрық, апыр-ай, Шошаңдай берер құйрығы.

Тауда жүрген құмайды, Көрген адам сынайды. Жыл айналып толғанда, Он екі бұтақ болғанда, Балта тимей құлайды.

Даусы азанда, Жақсылығы қазанда.

Сайрайды бір талмайды, Әнші құс бал таңдайлы.

Аспанға ұшар бу болып, Жерге қайтар су болып.

Көзі жасты, Тұра қашты.

Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ, Ұстаған қолдарында таяғы жоқ. Күніне талай жерге кетер кезіп, Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ,

Төгілген жерге ақ моншақ, Ғайып болды сол шақта-ақ.

Бір хайуан зырлап ұшады екі аяқ, Көлденең тірегені айқыш таяқ. Екі қол-аяғында дабыл болмас, Жүреді тілін білсең шапшаң жай-ақ.

Өздігінен жүрмейді, жарыспайды, Кісі мінсе жарыстан қалыспайды. Аяғы екеу болғанмен ізі жалғыз, Сағатта талай жерді қарыштайды.

Бір зымырық дүниеде екі аяқ, Күш берген оған дағы аямай-ақ. Адамды көтеріп ол ұшады екен, Былқылдап құс төсектен жұмсақ тұяқ.

Келеді сапар тартып алуан жолдан, Тамаша қызығы көп түспес қолдан. Қызығын оқысаңыз тамашалып, Қаласың хабарласып барлық жайдан.

Ағаш, темір, қағаз, желім, Бұлардың басын қосқан көрдім жерін, Шырқырап неше түрлі ән салады, Ішіне толтырып ап барлық желін.

Жансыздан жалғыз шыққан боз  арғымақ, Арқаны бар арқасында жұмақ-жұмақ. Ер ерттеп, екі айылын тартып алып, Қамшыласа кетеді зулап-зулап. Мініп ап боз жорғаны күйге салдық, Мойнына қатар-қатар түйме салдық. Он жігіт жол бойында қызмет етеді, Құбылып неше түрлі әнге салып.