Казахские традиции
rus / eng / kaz
tradition.kazakh.ru (beta)


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции

Праздники, свадебные обряды, обряды погребения, традиционные пожелания — бата.

Тәй-тәй басқан балаңыз,
Қозы-лақтай  ойнасын.
Екі жасқа келгенше,
Анасын еміп, тойған соң.


Қырда жүрген маралдай,
Керіліп ос, балдызым.
Сабағындай жүзімнің,
Өріліп өс, балдызым.


Жүзімен жарамын, Шүйдесімен қағамын.

Жел-жел бием, жел бием, Желiндесе кiм бiлер? Жау жапырақ түбiнде Құлындаса кiм бiлер.

Бір нәрсе жүре алмайды жерді басып, Жерде жоқ бұйыратын оған нәсіп, Тұрағын ол нәрсенің адам білмес, Айтпаса түсіндіріп біреу ашық.

Бар екен үш қанаты ұшып кетпес, Егін сап жұрт қатары кәсіп етпес. Өзінің мекенінен шығып кетсе, Тіршілік көремін деп үміт етпес.

Бір нәрсе қанаты жоқ ұшқан биік, Сонда да жүрмейді екен жерге тиіп. Арасын жер мен көктің өрт алса да, Қалмайді ешбір жері отқа күйіп.

Бір нәрсе қанаты бар ұша білмес, Ұшқанда жердің көзін басып жүрмес. Соңынан қанша қалмай қусадағы, Ұстауға қол мен санның ебі келмес.

Кішкене ғана тегене, Сырты толған балауса.

Ала күшік үй айнала жүгіреді, Екі басы ішке кіреді.

Ала күшік үй айнала жүгіреді, Екі басы ішке кіреді.

Бір үйде бір құс отыр мекен еткен, Он жігіт кезек-кезек қызмет еткен. Қолына қалам алмай хат жазады, Келіп тұр түрлі әріп әрбір шеттен.

Басың, басың, басыңа,
Қабағына, қасына,
Бірге жүрген досыңа,
Дастарханың табағын,


Қар астында қыстады, Жасылмен бөркін тастады.

Қинамаса құрсағың,
Қыз әулиеге барғайсың.
Тілек тілеп Алладан,
Ұрпағыңды жалғайсың.


Алты аяғы бар, Талдан таяғы бар. Арқасында құйрығы бар, Иесінен бұйрығы бар.

Тұла бойы тыста, Екі құлағы іште.

Бес жанды бір жансызға мінгескен, Айналып ақ тақырдан із кескен.

Өзі қызыл, Бауырында бар, Жалғыз сызық. Бұған жұрттың, Бәрі де ынтық.

Бір ағашта қырық бұтақ, Қырық бұтақта қырық ұя. Қырық ұяда қырық жұмыртқа, Қырық жұмыртқада қырық балапан.

Ін қазып тұмсығымен жып-жып еткен, Арқаны жүреді артта қалмай ерткен. Жыбырлап істегені тез өнеді, Іс қылып, алғыс алар талай көптен.

Бойлаған сайын тереңге, Шығасың биік белеңге.

Бұлағына білімнің,
Беттеді бүгін бүлдіршін.
Ата-анасы батамен,
Тілектерін білдірсін.


Келеді үлкен алып аузын ашып, Жүреді он екі аяқ қадам басып, Әрбірінде отыздан бармағы бар, Құтылмас ешбір адам мұнан қашып.

Тіріде шаруаң бітпесін.
Жалғаса берсін жоспарың.
Бірге тойлап ісіңді,
Қатар жүрсін достарың.