Казахские традиции
rus / eng / kaz
tradition.kazakh.ru (beta)


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции

Праздники, свадебные обряды, обряды погребения, традиционные пожелания — бата.

Дүниеде бір қарбыз бар солмайтын Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтын. Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін, Іші кең бәрін салса толмайтын.

Екі тері, екеуі де кең тері.

Алты аяқты, төрт көзді, Екі ауызды, бір сөзді, Ынтымақ үшін ел кезді.

Бір құс бар сондай ұшқыр,  ұшар жерден, Жалпылдап жанған оты қолын сермер. Шыңыраудан мойны ұзын  шығады екен, Шошынар жанды мақұлық оны көрген.

Су ішінде өрмек құрдым, Ала жаздай ермек қылдым.

Шипагер болса Жаратқан,
Жазылмайтын ауру жоқ.
Басыңды бері қаратқың,
Бұл аурудың емі көп.


Бар екен үлкен жорға қайқаңдаған, Тұяғы жерге тимес тайпалмаған. Сағатта мың шақырым жерге барып, Көңілін еш пенденің қайтармаған.

Бір балық көк жолында еткен сайран, Дамылда көрінеді келді қайдан. Аузына бір шабақты тістеп алып, Деп айтар жата алмаймын  шапшаң айлан. Іаулайды қайда барса ізі түспес, Мақсаты – тигізем деу көпке пайдам.

Әне кетті өзі, Көрінбейді ізі. Кімнің күші, Кімнің ісі?

Бұл жалғанда жаны бар, Міндім қайық, Көз көрімге кетеді болып ғайып.

Есіктен кірді еңкейіп, Төрге шықты қампайып.

Тоңғақты таниды, Беті қолын қариды.

Жиырма баласы бар төртеуара, Бірі ұзын, бірі қысқа дара-дара. Қандайлық іске қоссаң ерінбейді, Білімпаз мамандығы болған сара.

Он атты, он жаяу, қырық найзалы, Қыздың сөзі пайдалы. Асыққаның аяңдай тұр, Асықпасаң бір-біріңе таялмай тұр.

Төрт бұрышты, Бір ауызды.

Атың сенің атаулы.
Бәйтеректің басында.
Мен сенің бір бұтағың,
Жүрмеген бүгін қасында.


Құлақтан кіріп, бойды алар, Көңілге түрлі ой салар.

Жаратқанның Рухы,
Аруағымен алысқан,
Діннең құдай сақтасын.
Заңды сатқан ақшаға,
Биден құдай сақтасын.
Қарыз алған әркімнен,
Күйден құдай сақтасын.
Тыржалаңаш, жын ойнақ,
Үйден құдай сақтасын.


Оң болсын, балам, сапарың,
Молықсын дәмің, татарың.
Туған елің тапсырған,
Парызын өте Отанның.


Басы тарақ, арты орақ.

Ерте тұрады, Жар шақырады.

Бұл қай қазақ, бай қазақ.
Екі ұрты май қазақ,
Менен басқа жоқ деген,
Өзінше болған «құдай» қазақ


Таңдайлары тақылдап, Шулайтын кім шалшықта Бірін-бірі мақұлдап?

Тарпаң, тарпаң тарбиған, Түрі жаман жарбиған.

Бір ел бар су ішетін тамақ емес, Сөйлесіп бір-бірімен қылмас кеңес. Үстіне жаздыгүні киім киер, Қыстыгүн жалаңашы ештеңе емес.