Казахские традиции
rus / eng / kaz
tradition.kazakh.ru (beta)


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции

Праздники, свадебные обряды, обряды погребения, традиционные пожелания — бата.

Бақ кетпесін басыңнан.
Ақ кетпесін асыңнан.
Ат кетпесін астыңнан.
Желіде құлын кісінеп,


Садақша мойнын иілтіп, Көрген жанды сүйсінтіп, Жүзгенде көлдің сәні өзі, Судағы құстың нәні өзі. Жердегі құстың серкесі, Көктегі құстың еркесі.

Дүниеде аты мәшһүр болған қымбат, Ықшамды әдемілік сондай сымбат. Мақсатың көңілдегі табылады, Адамзат зор санайды етіп құрмет.

Жамауы бар тігінсіз. Киімі қалың жамылар. Жыртығы жоқ, еш мінсіз, Ала-құла тоны бар.

Жамаулары болса да білінбейді, Жансызға ондай нәрсе ілінбейді.

Асқа бармайды, Аспаздан қалмайды.

Көктемде ақ гүлге оранады, Күзде қолға доп болып оралады.

Түсі бар ақты, көкті, қызыл ала, Пайдасы адамзатқа тиген жаңа. Қойыпты ортасына қазық қағып, Сүйкімді көреді екен бала-шаға.

Руымыз Әнжан, Атқа міндік алты адам, Алтаумыз да балуан, Тұра қашты бір қоян. Басып қалдық жалма-жан, Басып тұрдық бесеуміз, Бауыздадық біреуміз, Мойны шықты қырық сабын, Бұзаушығы былай тұр. Терісі шықты алпыс етік, Қырық ұлтан, Сыздығы былай тұр. Мұны өтірік демесең, Ойланып...

Аспанда қаһарланған алты терек, Ұясы алтауының бөлек-бөлек.

Алпыс аттың етін жер, Жілігін шақпай майын ішер.

Алтауы ала қасқыр,  алтауы қара қасқыр, Біріккен он екісі қара басқыр. Жиылып бір тырнаны бәрі жеген, Көрейік ол тырнаны жақындастыр. Бір сирағы тырнаның, ей, жамағат, Үйге тіреу болғандай алты қанат. Сол үйдің үлкендігі сондай екен, Артылар алты нарға қаттап қабат. ...

Алтын тойдың дастарқаны,
Дастарқаны мол болсын.
Берекелі қол болсын,
Тойға келген қонақтың.
Бәріне сәтті жол болсын.
Тілектерің оң болсын,
Жұқармайтын қоң болсын.
Екеуіңнің кигенің,
Алтын жағалы тон болсын.


Табаққа түспес, Қазанға піспес, Оны ішпей адам өспес.

Әмірімен Алламның,
Құрсағында Анамның,
Бір тамшыдан жаралдым,
Ұрпағы мен Адамның.


Кішкентай ғана құтыша, Іші толған мықша.

Бір нәрсе өзі нәзік тым-ақ сергек, Қорқады бала-шаға, әйел-еркек. Өзінің қаны адал, еті арам, Мылтықсыз иә қылышсыз  ұстайды ептеп.

Биік-биік тау болар, Қаршығалар ұялар, Еті арам болса да, сорпасы адал, Ол не болар балалар?

Тыру-тыру тырналар, Тау басына жорғалар. Еті арам, сорпасы адал, Ол не болар, балалар?

Ізі бар қадамы жоқ аяғының, Тимейді ұшы жерге таяғының. Қос қолын хайуанға арта салып, Салады әуезіне баяғының.

Төрт бала бірін-бірі қуалайды.

Аман болсын жан басың.
Өсіп өнсін мал басың.
Таршылық көрме жалғанда,
Пендеге күнін салмасын.


Бір нәрсе қайраты көп, болған күшті, Басынан өткізеді әрбір істі. Жануар мақұлықтың біреуі өзі, Іркілмей жұмсайтұғын ірі тісті.

Ордалы болсын еліңіз,
Сақалды болсын төріңіз.
Ұрпагың өсіп артыңнан,
Қызығын оның көріңіз.


Жерде жатып желіндейді, Күз түскенше желінбейді. Үндеместен төлдеп жатыр, Су беріңдер шөлдеп жатыр.