Казахские традиции
rus / eng / kaz
tradition.kazakh.ru (beta)


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции

Праздники, свадебные обряды, обряды погребения, традиционные пожелания — бата.

Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады.

Адамзаттың баласы, Менсіз кәсіп қылмас та, Басымды мен көтерсем, Аспан көкке жетермін.

Қарайып ұшқанымен қарға емес, Ін қазғанмен түлкі емес. Арқасында боқшасы, Жинағанмен мүлкі емес.

Бір мақұлық айдалада қорған салған, Азапты, ажалдымен сонда барған. Мен емес, бұл жұмысты айтып жүрген Бұрынғы азамат ер содан қалған.

Көк лағым көгенде жатып семіреді.

Сырты жасыл, қап-қатты, Іші қып-қызыл, тәп-тәтті.

Ұшқаны қызық жалпылдап, Өзі сондай қарқылдақ.

Ақ сиыр тұрып кетер, Қара сиыр жатып қалар.

Түндерің тыныш болсын,
Үйлеріңе ырыс толсын!
Келіндерің есті болсын,
Ұлдарың сесті болсын.


Қос қанатын иіп ап, Жарға келіп қонады. Қара киім киіп ап, Балшықтан үй соғады.

Бар екен бір айдаһар жалғыз тілі, Ұқсамас еш сипатқа оның түрі. Өзі жансыз айдаһар жандыны алған, Жеріне жақындаған кетпес тірі.

Әкемнен қалған асыл тас.
Бірге туған қарындас.
Құлпырып өскен құлыншақ,
Еркеліктен асау бас.


Бір нәрсе ала шұбар, қара тұмсық, Қарасаң басқан ізі қисық-қисық. Өзі жансыз, жандының күшіменен, Борайды ат үстінде желдей есіп.

Бір жорға бар шабысты, Ақ аңызға жабысты. Жорғаласа тайпалып, Келтірер көп табысты.

Төрт аяқты шалғы Орып кетер малды.

Аузы бейне шалғы орақ, Шөп емес, бірақ мал орады.

Белестен шапқан бесті ат, Бүкір келген желісті ат. Бейғам елді іздейді, Малдан күдер үзбейді.

Тоң мойынды жуан көк, Желіп, жортып бүкеңдеп, Несібесі даладан, Еңбек қылмай жүрер тек.

Ошағында шоқ болсын.
Уайым қайғын жоқ болсын.
Шаруан да болып береке,
Балашағын тоқ болсын.


Бір нәрсе басы төмен, бауы аспанда, Құс келер бір адамға тау асқанда. Бір адам қарсы алдында уәзір боп тұр, Кетеді іліп алып жалғасқанда.

Ұзын құйрық сауысқан, Бір көлдің суын тауысқан.

Сусыз піскен ас көрдім, Домаланған бас көрдім.

Алуан түрлі түсі бар, сырты қатты, Адамзат жеуге құмар, өзі тәтті. Тоқсан күнде толықсып күні бітіп, Есепсіз ақты-қара бала тапты.

Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар.

Төрт тағанды бойы бар, Момындық дұрыс ойы бар. Кербезденіп жүрмейді, Айналдырған тоны бар.