Казахские традиции
rus / eng / kaz
tradition.kazakh.ru (beta)


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции

Праздники, свадебные обряды, обряды погребения, традиционные пожелания — бата.

Бір нәрсе өзі жансыз, жоқ қой жаны, Бір тарау ортасында байлағаны. Өзі жансыз, жандының себебімен, Қалады жерге түсіп шайнағаны.

Қолымда бір құсым бар екі басты, Аяғын басқан кезде нәрсе қашты.

Бір нәрсе үш аяқты сүйір тұмсық, Жейді екен бір жайынның  басын қыршып. Жесе де ол жайынды тояры жоқ, Қарасаң ішін ашып шөп пен қылшық.

Адам істеп шығарған бір жануар, Құрғақ жерде жаны жоқ, суда болар. Жаз болса күні-түні су ішеді, Бұл неткен жануар табыңыздар.

Тарыға торғай қонса сақпан біледі, Түлкіні түнде жортқан қақпан біледі. Бір жұмбақ мен айтайын, сіз тыңдаңыз, Сіз құсап шалқасынан жатқан біледі.

Бір нәрсе өзі жансыз ырғатылып, Өзінің аяғы жоқ бір мақұлық. Жаз болса көк шалапты сапырады, Шөмішін бір шығарып, бір батырады.

Жатады көкке қарап аузын ашып, Жалғанда сағасынан бір-ақ басып, Ұстайды, жібермейді кім болса да, Қалады байқамаған асып-сасып.

Өзі батыр, жер астында жатыр.

Ақылы бар, басы жоқ, Аузы бар, денесі жоқ. Қолы бар, аяғы жоқ.

Қара күшігім қабаған, Артына киіз жамаған.

Ат міндім қарала аяқ қаздақтатып, Жүргенде жол салады табандатып.

Жаны жоқ қаршыға қолға қонар, Жем алып қиын жерден аузы толар, Мен өзім қаршығамнан баһра алдым, Шешуі осы сөздің қиын болар.

Бір басты, екі тілді бір мақұлық, Жүреді айдалада ырғатылып. Менсініп ешбір жанмен тілдеспейді, Өзінің сөйлеспесе досы барып. Жиһанда қанша ділмар болсаң дағы, Тұрасың сөйлесе алмай болып ғарып. Онымен тілдесе алсаң сөз шығарып, Кісіге пайдасы көп, залалы жоқ, Дос болсаң бар...

Бір ат бар бесеу ара өзі жорға, Саламын жорғалатып жолдан-жолға. Найзамен қар үстіне суды құйып, Адамға да бір түрлі берер пайда.

Үш батыр қолдарына алды найза, Су ішіп бір құдықтан етер пайда. Бірінсіз бірі жұмыс ете алмайды. Тарайды еңбектері талай жанға.

Қапас тордың қақпасы,
Алды кенде, арты тар.
Шешіледі топсасы.
Бәрбір істе шешім бар.


Желе-желе, желе келе, Қамқа тонын піше келе, Қандан суын іше келе.

Желе-желе, желе келе, Қамқа тонын піше келе, Қандан суын іше келе.

Мыжғылаймын – жаны жоқ, Кескілеймін – қаны жоқ.

Бір нәрсе ұзын бойлы, сәлдесі бар, Қойнында құшақтаған баласы бар. Айтайын мұның жайын сұрасаңыз, Аққұба ұйықтап жатқан анасы бар.

Басына үлпүлдетіп таққан шашақ, Бұралып тал шыбықтай тұрған жасап.

Алыстан қарасам аппақ, Татып қарасам тәтті-ақ.

Бар екен бір асыл зат жерден өнген, Кезуге жер дүниені өзі көнген. Барады дөңгеленіп тор жорғадай, Айдалада жүруге тым-ақ жөндем.

Шеңбер жасап өседі, Желмен бірге көшеді.

Қыс жатады, жаз тұрады, Жоқ болса да қол-аяқ қаз тұрады.