Казахские традиции
rus / eng / kaz
tradition.kazakh.ru (beta)


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции

Праздники, свадебные обряды, обряды погребения, традиционные пожелания — бата.

Ағаштан күйген ас жейді, Шайнайды, қара тас жейді, Адамның қолы тигенде, Еңсеріле дем алып, Кезек-кезек үрлейді.

Болғанда беті гүлді, асты сырлы, Жинаған арасына жүн-жүбірді. Төрт бұрыш, тоқсан жолды  торқасымақ, Халінше адамзатқа пайда қылды.

Жалғанда жақын көршімді,
Жарылқасын Жаратқан.
Тереземізді тең қылып,
Қолдасын оң қанаттан.


Көштерің көлікті болсын,
Жолдарың көрікті болсын,
Қоныстарың құтты болсын,
Босағасы мықты болсын,
Ауру-сырқаудан аман болыңдар.


Бір жансыз мойнында бар екі құлақ, Ойнайды дәл үстінде оншақты лақ. Белінде сегіз белбеу, қолда екі арқан. Қара табақ, Қара табақ айналады, Күй тартады, Ән салады, Думандатып айналаны.

Кішкентай ақ безер, Жер дүниені кезер.

Құтты болсын күміс той,
Той дегенің ырыс қой.
Алтын жамбы берсем де,
Екеуіңе дұрыс қой.


Жалғанда бір нәрсе бар аяққаптай, Ұшады кешке дейін дамыл таппай.

Көк жиекті шай табақта, Алтын алма тербеледі. Кейде бүркер алма жүзін, Ұлпа мақта перделер.

Азаяр қыста қызуы, Молаяр жазда шыжуы.

Жағалдайдың түйесi Жар жағалап келедi. Сауырында таңбасы Күйiп-жанып келедi.

Біреудің бір ұлы бар және қызы, Біледі ол екеуін дүниежүзі. Ұйықтайды ұлы түнде, қызы күндіз, Жүргенде білінбейді басқан ізі.

Алтын бәкі, Күміс сәкі, Қырық қысырақ, Бір сәурік.

Аспаннан күбi түстi, Күбiнiң түбi түстi.

Керегенің басында кетпен жаулық, Кет десем де кетпейді неткен жаулық

Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды.

Алыстан көрсем ақ тас, Жақыннан көрсем – дәмді ас.

Бір жанды бір жансызға мінгеседі, Жүгіріп әр жерлерден із кеседі. Тоқтамай жолдан жолды іздеп жүріп, Ойлаған бір орынға кездеседі.

Пайғамбардың еліне,
Мекке, Мәдина жеріне.
Сапарыңыз оң болсын.
Төте тура жол болсын.


Өреді қайраңдап, Келеді байпаңдап. Қарғып түсіп өзенге, Малтиды тайқаңдап.

Судан шықса баладай, Тәй-тәй басып қалады-ай.

Нарық келіп ортаға,
Қарық болдын қазағым.
Нарық орнап қазақша,
«Қаріп» болды, қазағым,


Қабақта қара бурам шөгіп жатыр.

Қара сиырым қарап тұр, Қызыл сиырым жалап тұр.

Бір дария қайнайды екен көбік атып, Ішінде жайын да жүр михнат татып. Өткелі бар дарияның аралы жоқ, Келе ме білсе жайын оған қайтып.