Казахские традиции
rus / eng / kaz
tradition.kazakh.ru (beta)


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции

Праздники, свадебные обряды, обряды погребения, традиционные пожелания — бата.

Текшелеп тебен арттым томашаға, Домалағы жазылар оңашада.

Бір мақұлық бар екен төрт аяқты, Тағыпты арқасына мың таяқты. Ашуланса, аяқ-қолын көрсетпейді, Көресің көзің салсаң ғажайыпты.

Тебен арттым текшелеп томашаға, Домалағы жазылар оңашада.

Екі жар бірін-бірі шамалаған, Тал шығып жағасында сабалаған.

Сәуле астында жүз ине.

Бір нәрсе білмегенді білгізеді, Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді. Жалғанда әңгімесі сондай қызық, Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.

Жаны жоқ болса да, Ақылды адам ісін істейді.

Қабат-қабат қаптама, Ақылың болса аттама.

Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық, Ашылар мезгілінде бауырын жазып. Ішінде толып жатқан қазынасы бар, Қорек қып пайдаланар тамам халық.

Жақындаған нәрсенің, Бірі өзгермей қалмаған, Жегендері қайталап, Ағып жатыр артынан, Шыққандай-ақ қоймадан, Кейін керек болар деп, Асылын сақтап ойлаған.

Бас салып талқандайды қырқып,  кертіп, Адамзат зыр жүгірер құрмет тұтып. Тамағын тойғыза алмас кешке дейін, Барша адам жұмыс қылған, қызмет  етіп.

Азат елдің баласы,
Ата заңға қол жетті.
Өз заңына бағыну,
Парызымыз құрметті!


Бар екен бір мақұлық ұннан майда, Өз басын айдайды екен қиын жайға. Ұстасаң үгітіліп жоғалады, Дамылдап отырмайды ешбір жайға.

Еркін самғап ұшсын деп, Мәпелейміз, баптаймыз. Бейбітшілік құсы деп, Қайсы құсты мақтаймыз?

Екі ағайынды, Екеуі де бір үйде, Бірін-бірі көрмейді.

Қос әйнек, шыны да емес,  темір де емес, Бұзылса оны адам түзер емес. Кезінде өзі ашылып-жабылады, Мағынасы қымбат нәрсе, арзан емес.

Әрі жүрер қараша ат, Бері жүрер қараша ат. Су бойында тұнық су, Таңдап ішер қараша ат.

Ауыл сыртында сайда, Жатыр үлкен айна.

Сен жүрмесең, ол да сірә жүрмейді, Күнде жаңа, ескіріп көнермейді. Көлге түсіп, қуаңға аунасаң да, Тәніне шық, етіне шөп енбейді.

Алам аяқ, алам аяқ, Жүгірсем жеткізбейді жалаң аяқ.

Еңкейсем еңкейеді, Шалқайсам шалқаяды.

Құтты болсын көлігің.
Шаттана берсін көңілің.
Жаққан отың мазданып,
Қыздыра берсің көрігін.


Атқа мінбейді, жаяу жүрмейді. Күніне мың шақырым жерге, Барып қайтып келеді.

Жол үстінде төсек, Оны таба алмаған есек.

Жарылқа, алла, қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет!
Ізет абырой, бақ, дәулет,
Қызыр қарап, бақ қонып,
Не тілесең,
Соның бәрін қабыл ет!
Әумин.