Казахские традиции
rus / eng / kaz
tradition.kazakh.ru (beta)


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции

Праздники, свадебные обряды, обряды погребения, традиционные пожелания — бата.

Барады, барады, Аузын ашып қалады.

Айналайын қарағым!
Алтыннаң болсын тарағын.
Күмістен болсын жарағын.
Бақыт қонып басыңа,
Басталсын өмір парағың.


Ақылды енелі бол.
Абысынға беделді бол.
Қайын апаңа жағымды бол.
Қайын жұртыңа жұғымды бол.


Алдымда әр түрінен жібек жіптің, Аспанға әшекейлеп кесте тіктім. 

Кішкентай ғана түйме тас, Атан түйе тарта алмас.

Көрдің бе, бір нәрсе тұр дөп- дөңгелек, Аз тұрса, сол жерінде болады көк. Жерінде бір күн тұрған үш күн тұрса, Өзіндей кетеді екен үш есе боп.

Ай құшақ, ай құшақ, Жиып алсам бір құшақ.

Әкесі баласын көтеріп, Баласы бөркін көтеріп тұр.

Жетпіс кемпір Жер тістеп жатыр.

Бір нәрсе төрт аяқты, екі басты, Көтеріп адамзатты көңіл ашты. Бір адым жерге өзі бара алмайды, Аяғы болса дағы қозғалмасты.

Көп жерде кездеспейді осы шұбар, Шұбарға мінген жанның бәрі құмар. Жүк артып мінсе дағы қанша оны, Сонда да арықтамас ол жануар.

Кер жорға мініп жол баста.
Керней тартып қол баста.
Зияратқа шыққан керуенге,
Жоламасын жын, албасты.


Кішкене ұлым бар, Кірген-шыққан сүйеді.

Тамаша құстар көрдім құйған қыштай, Қапаста жатыр алтау іші пыспай. Қапастан сол алтауы шыға келсе, Қылады әркім құрмет қолына ұстай.

Қаршығам өзі қансыз қолда қонар, Қиын жерден қуанып ауыз толар. Мен өзім қаршығамнан дән алыппын, Шешуі бұл жұмбақтың қандай болар?

Ши түбінде шұбар кездік.

Ши түбiнде шұбар кездiк, Бары-жоғын әрең сездiк.

Бір нәрсе өзі білік, іші қуыс, Ол заттың сүйегі көп айқыш-ұйқыш. Көзі бар жарқыраған төбесінде, Жайса үлкен, жиналғанда бір-ақ уыс.

Ауп дедім, Ептедім, Септедім, Қара жерді түптедім.

Қазша қанатын жаяды, Үйрекше мойнын созады, Құсша қонады.

Өздігінен бата алмас, Адам өмірімен қатарлас. Ол болмаса пендеңіз, Тіршілік өмір жасамас.

Жаны жоқ сөйлеп тұрған денесінде, Ұмытпай мәңгі қалған сөз есінде, Тарихтан бұрынғы өткен хабарлайды, Мәделі тығулы тұр кеудесінде.

Көзі бар, қанаты бар балық дене, Сияқты зор тұлғалы алып кеме.

Алыстан қаңғыр-күңгір, Жақыннан бұрау темір.

Жаламада жалғыз тұяқ.