Казахские традиции
rus / eng / kaz
tradition.kazakh.ru (beta)


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции

Праздники, свадебные обряды, обряды погребения, традиционные пожелания — бата.

Жездекем бастап барады, Жез түймесiн тастап барады.

Қайырлы болсын аға зейнетіңіз.
Көп еді  жалғанда бейнетіңіз.
Үкімет өзегіңді талдырмайды,
Тозса да бүгінде ит көйлегіңіз.


Қабыл болсын жамағат,
Зияратын жасаған.
Әлбетте болсын ақ қадам,
Аттап шыққан босағаң.


Тілсіз жаудан - өрттен,
Зілзаладан сақтасын.
Бетін әрі қаратсын,
Біздің жерге соқпасын.


Үй артында бүкір терек, Күресуге кісі керек.

Тап-тап, тап жорға, Табаны үшкір көк жорға. Желіп кетсе жеткізбес, Жерге түссе табылмас.

Бар екен дүниеде жалғыз көзді, Сол көзбен дүниенің бәрін кезді. Әлемді он сегіз мың киіндіріп, Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.

Жылмаң-жылмаң етеді, Жылмаңдап сайдан өтеді, Із-міз тастап кетеді.

Мұрнында байлауы бар, Адамның айдауы бар.

Бір тышқанда екі құйрық.

Қылдырықтай бір нәрсе иретілген, Мойнында ұзын арқан сүйретілген.

Бір балық көрер көзге жүні майда, Тимейді майдалықтан ешбір пайда, Қаруы денесінде бір-ақ жерде, Саны бар сапасы жоқ сида-сида. Ибарат, тіршілік ойына алмайды, Қонып, түнеп, жатады әлде қайда.

Адамға серік, Күзетке берік.

Інілерім арланым.
Бес саусақта бармағым.
Шортандай болған көлімде,
Балыққа салсам қармағым.


Ой желке, қамыс құлақ, жібек жалды, Иесі мәпелейді жануарды. Суарып, анда-санда бір шалдырса, Білмейді, қысы-жазы арығанды.

Базардан келген бір тайлақ, Басын қойдым байлап. Байласам да тұрмады, Ортекеше ойнап.

Жоғарыдан айдадым, Белін жіппен байладым. Сыпыра тақта астында, Шалып, қағып ойнадым.

Ғажайып кемпір көрдім жалғыз аяқ, Аузына тістегені жалғыз таяқ. Табаны жалтыр мұздан бір таймайды, Зырлайды күні-түні аянбай-ақ.

Жансызды жалғыз аяқ зарлатады, Аяғын бір көтеріп, бір салады. Апырмай-ай, бұл не екенін біле алмадым, Айында титімдей-ақ нәр татады.

Бастаған ісің дұрыс болсын.
Құт береке ырыс болсын.
Бастаған ісің оң болсын.
Нәтижесі сом болсын.


Қартайғаң шағында Қарасай батыр балаларына былай деп өсиет айтыпты:

Жер көрдім қаласы бар, Үйлері жоқ мекендейтін. Көл көрдім, өзен көрдім, Сулары жоқ тереңдейтін.

Пошымы бар домалақ, Көріп қойдым сығалап. Жақсы болса тұрмысы, Шығады екен қоғалап. Бес ай тамам біткенде, Қаптап алдым құмалақ.

Қыз жиырмаға келгенде,
Кәрі болар қарағым.
Өні кетіп ажарың,
Сары болар қарағым.


Бір итім қабаған, Аузына темір жамаған.