Казахские традиции
rus / eng / kaz
tradition.kazakh.ru (beta)


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции

Праздники, свадебные обряды, обряды погребения, традиционные пожелания — бата.

Бар екен бір айуан көпке таныс, Мекені жүрер оның тау мен қамыс. Бұл өзі айласы көп, шапшаң епті, Жүректі бір айуанға қойса бетті. Қайтпайды жара алмаса не өледі, Өлмесе тынбайды ол, алмай кекті.

Кілемнің түрлеріндей жүндері бар, Айбатты жан шыдамас үндері бар. Шаршы бой, сұлу құйрық,  қысқа құлақ, Кететін зиян қылып бір жері бар.

Бір нәрсе бес буынды тиегі бар, Темірден салбыраған иегі бар. Болғанда бірі қолда, бірі белде, Адамға әрқашанда керегі бар.

Бойы бір қарыс, Сақалы екі қарыс.

Түскенде салқын күз, Жинадық алтын тіс.

Бір тауық балапан басты жерге кіріп, Баласын шығармақшы жерде жүріп. Ол жерден мойнын созып балалады, Қарасақ, мыңнан да көп бетін жырып.

Мен көрдім тұтас ағаш тау жайлаған, Тауына тиіп кетсең ойбайлаған. Үстіне қара орман артып алып, Барса да қандай жерге той-тойлаған.

Тақиям толы сөк, Ерте тұрсам дым да жоқ.

Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып, Қарасаң толып жатыр көзіңді ашып. Үйіме сәулеленіп түссе жарық, Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып.

Там басына тары жайдым.

Үй үстінде ұсақ тас.

Тақия толы сөк, Таң атқанда жоқ

Көп бауырсақ ішінде бір қалаш.

Тіріден өлі туады, Өліден тірі туады.

Айдалада ақ отау, Аузы, мұрны жоқ отау. Отыз күнде сол отау, Айдалада жоқ отау.

Ақ отаудың есігі де жоқ,  Тесігі де жоқ.

Жер үстінде бір бәйтерек, Оның бар он екі бұтағы. Әрқайсында отыз жапырақ, Отызының бір жағы ақ, бір жағы қара.

Дүниеде бір найза бар сапталмаған, Мүлкім деп ешбір адам сақтамаған. Бұрынғы өтіп кеткен қариялар, Найзаның тиген жерін мақтамаған.

Жер астында  Жездем қамшысы жатыр.

Жылт-жылт еткен, Жылға сайын өткен, Бар адам безген.

Ұзын-ұзын, ұзын келер, Ұзын бойлы қыз келер. Қабақтары қалтырап, Маңдайлары жалтырап.

Дене мен аяқ-қол жоқ,  құйрық пен бас, Бұрыннан жан-жәндікке ойлаған қас. Бес-алты ай демалыста күн көреді, Оншалық керек етіп жемейді ас.

Жоқ екен бір құйрықтан басқа қару, Ешқандай кәсіп етпес, пайда табу. Өзіне жастан болған әдет екен, Мақұлыққа жақындасқан найза салу.

Иір-иір ізі бар, Құлағы жоқ, көзі бар. Түсі суық ызғарлы, Ауызында айыр бізі бар.

Жылт-жылт еткен, Жылғадан өткен. Оны көрген кезден  Барлық адам безген.