Ініге бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Ініге бата

Інілерім арланым.
Бес саусақта бармағым.
Шортандай болған көлімде,
Балыққа салсам қармағым.

Сонымнан ерген тайлағым,
Сүтімдегі қаймағым.
Сендер үшін тілегім,
Алақаным жайғаным.

Таста ойнаған лағым.
Жағамдағы құрағым.
Арпалысқан өмірде,
Екі көзім, құлағым.

Таудан аққан бұлағым,
Кеште жаққан шырағым.
Аман жүрші өмірде,
Тұғырлы болсын тұрағың.

Сендер аман болындар,
Батам болсын тұмарың.
Сағынсан болам қасыңда,
Қанғаныңша құмарым.

Інілерім қорғаным.
Жапан түзде орманым,
Өсиетімді орындап,
Әкемнін көшін жалғағын.

Жақсыдан болсын талғамын.
Орындалсын арманың.
Әкем еді бәйтерек,
Сендерсіңдер талдарым.

Берік болсын босаған,
Жарылқасын Жасаған.
Қабыл болсын ақ батам,
Ұрандай тасқа қашаған
Аған емес осалдан.
448