Ағаға бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Ағаға бата

Ата-Анамның жалғасы,
Ұрпағының төл басы.
Артынан ерген ініге,
Әрқашанда көш басшы.

Өзенімнің арнасы,
Алатаудың қар басы.
Жалғандағы керуеннің,
Алдында жүрген арбасы.

Атамның болған еркесі.
Қой ішінде серкесі.
Басымдағы тымағым.
Төсегімнің көрпесі.

Төрде болсын басыңыз.
Жүзге келсін жасыңыз.
Таудан аққан өзендей,
Етегінде тасыңыз.

Жайлы болсын төсегің,
Адал бол болсын алғаның.
Қабыл болсын құрбандық,
Аллаға арнап шалғаның.

Көркейе берсін қасыңыз.
Көпке жетсін асыңыз.
Дұшпаның болып табанда.
Сенімді болсын досыңыз.

Алла берсін береке.
Алақан жайып тосыңыз.
Көк төбелі үй болсын,
Арқада салған қосыңыз.

Туысқан болсын ұжымың.
Бірге болсын ғұмырың,
Бәйтеректей жайқалып,
Тереңдей берсін тамырың.
600