Досқа бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Досқа бата

Досты құдай қосады.
Қыяметтік досым бол.
Жақсылықтың жаршысы,
Ұлы іске өсім бол.

Асыл арман өзіңді,
Жетелесін биікке.
Алла оңдап ісіңді,
Салмасын отты күйікке.

Қолдап сені әр істе,
Сақтап жүрсін періште.
Күнің болсын шуақты,
Жарқырайтын тал түсте.

Ашық болып аспаның,
Басыңа бұлт төнбесін.
Алыс болып арасы,
Әзәзіл шайтан ермесін.

Сау басыңа сақина,
Жаратушы бермесін.
Аман болып жанұяң,
Еш таршылық көрмесін.

Араға ұрыс кірмесін,
  Қара, ала ит жүрмесін.
Шаужайыңа жабысып,
Алдыңнан шығып үрмесін.

Қыр соңына көз салып,
Құлағын жауын түрмесін.
Аман қылсын Жаратқан,
Отаныңның іргесін.

Ғұмырлыққа фәнилік,
Достығымызды жалғасын.
Қырандай болып «ақиық».
Қанатыңыз талмасын.
5368