Әр қилы бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Әр қилы бата

Жаратқанның Рухы,
Аруағымен алысқан,
Діннең құдай сақтасын.
Заңды сатқан ақшаға,
Биден құдай сақтасын.
Қарыз алған әркімнен,
Күйден құдай сақтасын.
Тыржалаңаш, жын ойнақ,
Үйден құдай сақтасын.
Жалған ілім беретін,
Хакімнен құдай сақтасын.
Патшадан ғана қорқатын,
Әкімнен құдай сақтасын.
Қорықпайтын құдайдан,
Кәпірден құдай сақтасын.
Арын сатқан ақшаға,
Қыздан құдай сақтасын.
Ата-анасын сабаған,
Ұлдан құдай сақтасын.
Дінін сатқан басқаға,
Құлдан құдай сақтасын.
Қазағынан жеріген,
Ұлтсыздан сақтасын.
Қара мата жамылған,
Жыннан құдай сақтасын.
Иманы жоқ, ұждансыз,
Ұстаздан құдай сақтасын.
Қайыры жоқ, арамза,
Пұлдан құдай сақтасын.
Көлгірсіген билікке,
Ұлықтан құдай сақтасын.
Елді алдап нан жеген,
Құлықтан құдай сақтасын.
Арақ ішіп, алжыған,
Шалдан құдай сақтасын.
Қанын төккен адамның,
Айуаннан құдай сақтасын.
Қыз зорлаған, қарғысты,
Хайуаннан құдай сақтасын.
Арам етек, күнәхар,
Зинақордан сақтасын.
Туғанымен соттасқан,
«Туғаннан» құдай сақтасын.
Қанғып жүрген бөтенде,
Елсізден құдай сақтасын.
Көшіп жатқан шет елге,
Жерсізден құдай сақтасын.
Көрші отырып танымас,
Көршіден құдай сақтасын.
Ит пен құсқа жем болған,
Көрсізден құдай сақтасын.
Киюсіз тозған сөреде,
Бөзден құдай сақтасын.
Өсек қуған, өтірік,
Сөзден құдай сақтасын.
Жаламенен тағылған,
Айыптан құдай сақтасын.
Дүмше  болған дінбұзар,
Молладан құдай сақтасын.
Арам жолмен табылған,
Олжадан құдай сақтасын.
Білімсіз болған меңіреу,
Дәрігерден құдай сақтасын.
Әпербақан, әділетсіз,
Заңгерден құдай сақтасын.
Ала аяк қасиетсіз,
Балгерден құдай сақтасын.
Қауқары жоқ далбаса,
Депутаттан сақтасын.
Арам қанды қолбаса,
Еттен құдай сақтасын.
Шалақазақ, мәнгүрт,
Шонжардан құдай сақтасын.
Артыңнан салған қапыда,
Қанжардан құдай сақтасын.
Шешімі жок, бітпейтін,
Даудан құдай сақтасын.
Бітіспейтін, тоқтамсыз,
Жаудан құдай сақтасын.
Бай-манапты мақтайтын,
Ақыннан құдай сақтасын.
Ерін сатқан опасыз,
Қатыннаң құдай сақтасын.
Екі ортада қалдырар,
Атыңнан құдай сақтасын.
Басыңа пәле әкелер,
Тіліңнен құдай сақтасын.
Аздырар сені ақылдан,
Білімнен құдай сақтасын.
Көзіңді алдап, көкіген,
Піріңнен құдай сақтасын.
Ішіңді кеулеп шіріген,
Іріңнен құдай сақтасын.
Қара құсша шүйліккен,
Биліктен құдай сақтасын.
Құдайсыз өткен жалғанда,
Тірліктен құдай сақтасын.
Алды арты болжаусыз,
Деріттен құдай сақтасын.
Қияметте сұралар.
Серттен құдай сақтасын.
Қара халыққа кезіккен,
Індеттен құдай сақтасын.
Орындалмас ешқашан,
Міндеттен құдай сақтасын.
Көлгірсіген, алдамшы,
Құрметтен құдай сақтасын.
Қуыс кеуде, қансыған,
Жүректен құдай сақтасын.
Көпке тиер кесірі,
513