Білім күніне бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Білім күніне бата

Бұлағына білімнің,
Беттеді бүгін бүлдіршін.
Ата-анасы батамен,
Тілектерін білдірсін.

Білім алғын балапан,
Ұстазыңнан ұкыпты.
Инемен казғандай,
Боласын балам құдықты.

Құтты болсын қадамың.
Ұшты болсын қаламың.
Әдепті бол, ынталы,
Қағазыңа  қарағым.

Әкесі мен шешесі,
Көршісі, барлық көшесі,
Ақ жол оған тілейік,
Алладан болсын есесі.

Балан беске оқысын,
Санасына тоқысын.
Балапандай балдырған,
Таза дәннен шоқысын.

Баласы болсын ардақты,
Елінің, туған жерінің.
Қызғалдақтай құлпырсын,
Әсемі болып гүлінің.

Сынақтан талай өткейсің.
Жауқазындай көктейсің.
Озып шығып қатардан,
Мұратыңа жеткейсің.

Ақ сүтінді ақтасын.
Ұстаздары мақтасын.
Періштесі қасында,
Тіл мен көзден сақтасын.
696