Айт батасы / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Айт батасы

Қабыл болсын оразаң,
Отыз күндей ұстаған.
Айтымыз келді мұсылман,
Көктегі айға ұқсаған.

Бойға ұялап, иманың,
Сауап болып жиғаның,
Тазарып бойын сауығып,
Рухына қуат құйғаның.

Өтелді бүгін парызың.
Құлшылыққа қарызың.
Аруақтарын риза боп,
Ауырлады таразын.

Қолдайды олар қуанып,
Ұрпағының ниетін.
Өлшемі бар сауаптың,
Оларға да тиетін.

Көк пен жердің арасы
Той боп жатыр қарашы.
Мереке нағыз осы күн,
Адамзаттың баласы..

Үш кундік бұл тойымыз.
Сойылып жатыр қойымыз.
Дастарханда ақ шелпек,
Ішіп жеңіз тойыңыз.

Жарапазан айтыңыз.
Құтты болсын айтымыз.
Ұрпақтарға үлгіміз.
Ата-Баба салтымыз.

Айттан айтқа жетіңіз.
Ақжарқын екі бетіміз.
Қабыл болсын Алладан,
Әрқашанда ниетіміз.

Қабыл болсын ниетіңіз,
Арылып барлық күнәдан,
Ақжырқан болып бетіңіз,
Жұмаққа тегіс жетіңіз.
1096