Зияратқа бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Зияратқа бата

Қабыл болсын жамағат,
Зияратын жасаған.
Әлбетте болсын ақ қадам,
Аттап шыққан босағаң.

Қабыл болсын садақаң,
Нұрға толсын алақан.
Қабыл болып, тілегің,
Жарылқасын Жасаған.

Аруақ берсін ақ бата.
Қолдап  іштен жүректі.
Шапағат жасап биіктен,
Көтерсің қоса білекті.

Бойдағы бар кеселің,
Қаралықтан арылсын.
Шығар жері кеңейіп,
Кірер жері тарылсын.

Күнәңді Алла кешірсін,
Сауабыңды өсірсін.
Киелі Аруақ басында,
Алдыңнан ақ жол көсілсін.

Әр пенденің амалы,
Жұмсаған ақшаң шамалы,
Босағана оралсын.
Дәулет болып қоралы.

Ниетің өсіп, ағарып,
Балаңа тисін сауабы.
Шипа дарып дертіңе.
Кетірсін тәннен жараны.

Сақтасын Алла індеттен,
Орындалмас міндеттен.
Қолдауын салып білектен,
Орын алсын жұректен.

Берекең, болса шашылған
Қайта оралсын қасыңа,
Бағын болса айрылған,
Қайта қонсын басына.

Балалы болсын құрсағың,
Баталы болсын ұрпағың,
Аруағың болсын риза,
Тәубеге келсең шырағым.

Міндетсіме қарағым,
Жасаған әрбір қадамды..
Сынайды Аруақ әрине,
Талай сынмен адамды..

Иманға баулы балаңды.
Білсін адал, арамды.
Ата-аналық міндетің,
Үйрету жақсы, жаманды.

Осы батам аманат.
Жасыңа да кәріне.
Қабыл болсын ақ батам,
Осы отырған бәріне.
577