Біткен іске бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Біткен іске бата

Тіріде шаруаң бітпесін.
Жалғаса берсін жоспарың.
Бірге тойлап ісіңді,
Қатар жүрсін достарың.

Ашық болсын аспаның.
Жарқырай берсін жұлдызың.
Құтылмасын қашқаның,
Бақытты болсын ұл-қызың.

Табысын болсын қомақты.
Төрің болсын қонақты.
Қызың болсын етекті,
Ұлың болсын балақты.

Тілің болсын орақты,
Атың болсын қанатты.
Елмен болсын ырысың,
Ойламай бай манапты.

Құтты болсын біткен іс.
Көптен ойлап күткен іс.
Баянды болсын әрқашан,
Алла берсін қуат күш.

Жегенің жаздай қой болсын.
Үйіңде жиі той болсын.
Аруақ қолдап ісіңді,
Төрт құбылаң сай болсын.

Биік болып шаңырақ,
Құтты болсың босаған.
Берекелі болсын басыңа,
Мына ісің жасаған.

Алға басып әр ісің,
Талабыңа нұр жаусын.
Төбенде болмай борасын,
Егініңе күн жаусын.
576