Бойдаққа бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Бойдаққа бата

Балалықтың базары,
Ертегінің ғажабы.
Жігіттік кез, боз бала,
Ол ғұмырдың ажары.

Жасың келді қарағым
Жасыл күйме сайлағын.
Бөрік киіп басыңа,
Беліне белдік байлағын.

Жетелесе арманың,
Қызды ауылды торлағын.
Құр қызықтап жүрмессің,
Қалындықты тандағың.

Жасын өтпей тұрғанда,
Отауыңды құрып ал.
Жастық кезін көк дөнен,
Қызық қуған болар сал.

Әкенің сөзін ескермеу,
Ақылға айтқан дес бермеу,
Өзіңе өзің қатын боп,
Өмірің болар бос белбеу,

Жиырма бестен өткен соң,
Отызға жасын жеткен соң,
Жүрісін жалғыз жараспас.
Қыздарда саған қараспас.

«Таңдаған тазға жолығар»
Деген қазақ сөзі бар.
Ата-анаңның алаңдап,
Қарап жүрген көзі бар.

Толған айдай толқыған,
Көршілердің қызы бар.
Қолыңда барда, қармап қал,
Базардың тойға бөзі бар.
525