Жесірге бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Жесірге бата

Жарын ажал жалмаған.
Жесірлік кімнен қалмаған.
Қамығпағын қарағым,
«Түстім» деп ерте арбадан.

Жарылқаса Жаратқан,
Мұратына беттейсін.
Басыңнан өтіп қара аспан,
Жарық күнге жеткейсің.

Өлгенменен өлмек жоқ.
Жасыл желек көктейсің.
Бұл жалғанда жабырқап,
Мұнаюмен өтпейсің.

Етегін ұстап жақсының,
Жалғассын асыл арманың.
Жол көрсетсен жаманға,
Шайнаулы қалар бармағын.

Сарғайған жетер мұратқа.
Көп әлі алда алмағың.
Бала шаған ер жетіп,
Болсын  жасыл орманың.

Ағайын туған туыстың,
Екі ортасын жалғағын.
Туғаныңмен сыйлассаң,
Қасыңда болар қорғаның.

Жетімдік ешкім көрмейді,
Ортасында туыстың,
Жан жуымас қасыңа,
Көкірегі қуыстың.
445