Жетімге бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Жетімге бата

Жетімді желеп өтпеген,
Атасына ұл емес.
Пайғамбарға тіл тисе,
Аллаға адам құл емес.

«Жетім» саған өмірлік,
Жабысып қалған сөз емес.
Жалғызды Құдай жеткізер,
Уәдесі Хақтың өзгермес.

Жетелі болсан кұлыншақ,
Жетерсін әлі мұратқа.
Тұқымын болсын бәйтерек,
Жалғассын ұрпақ, ұрпаққа.

Көк төбелі үйінде,
Көпіртіп қымыз ішерсің.
Жалғызда болсаң жігіт боп,
Додаға талай түсерсің.

Топты жарып жарқырап,
Алдына жұрттың шығарсын.
Аузына елді қаратып,
Талайдың аузын бұзарсың.

Терезен елмен теңесіп,
Тектілігіңді ел көрсін.
Төріне жақсы жиналып,
Көсеген сенің көгерсін.

Киен болып көгершін,
Көк аспанда қалқысын.
Өркендесін өркеңін,
Байлығын тасып, шалқысын.
513