Жарлыға бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Жарлыға бата

«Бергенде Құдай, тәубе» деп,
«Алғанда Құдай, тәуба»деп,
Жүрер пенде баласы,
«Сауға деп, маган сауға» деп,

Тілегің болса, Алладан,
Тіледім саған несібе.
Өзіңнен болса ақ ниет,
Бермес Құдай несіне.

Жалбарынса пенде, Иесіне,
Түсіп, Алла есіне,
Жарылқайды Жаратқан,
Ақтарыла, көсіле.

Ақылға әркез жүгінгін.
Жақсылықта білінгін.
Жарылқау саған тіледім,
Болмаса иманың, несіне?

Жарлыға жолдас жалқаулық,
Кейде жуастық, аңқаулық.
Қысыр сиыр, қырсық іс,
Кесірлі, кесше ақ жаулық.

Осыдан болсан сен алшақ,
Аман болса, он саусақ,
Басын аман, денің сау,
Өзі қонар Құт пен Бақ.

Алла оңдап жар болса,
Аруақ қолдап нәр болса,
Несібен бар жалғанда,
Әр тарапта шашылған.

Талапсызға, таршылық,
Талаптыға баршылық.
Таңғы асың Тәнірден,
Қалғанын ізде өмірден.
1204