Жауға бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Жауға бата

Жаулығын сенің жамандық,
Әзәзілден жабысқан.
Жүрегіндегі қаралық,
Пайда болган қарғыстан.

Макұрым мұлде қалмағын,
Бұл жалғанда алғыстан.
Жаулассанда жеңбессің,
Сен қорқау, мен арыстан.

Тәубеге келсен мен дайын,
Татулыққа табысқан.
Екеумізде пендеміз,
Түскеміз жоқ ғарыштан.

Жұмақтан құр қалдырар,
Шайтан болсаң жолама,
Ұрпағымды азғырмай,
Лағынет, кет алыстан.

Дұшпандығын дарыған,
Бойға біткен нәпсіден.
Дұшпандықтан арылу,
Істеген әрбір жақсы істен.

Адам менен адамның,
Достасуы заңдылық.
Адам менен шайтанның,
Дұшпандығы мәңгілік.

Адам болсаң, дос болғын,
Бауырыңмен табысып.
Дос болайық екеуміз,
Кеудемізді кағысып.

Ортақ дұшпан, ортада,
Оныңда да, солында.
Ол пәледен құтылу,
Аллаға созған қолында.
454