Әкеге дұға / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Әкеге дұға

Атың сенің атаулы.
Бәйтеректің басында.
Мен сенің бір бұтағың,
Жүрмеген бүгін қасында.

Көшесінде бақидың,
Жарылқасын Құдырет.
Жалғанда қалған парызың,
Ахіретте ғафу ет.

Жарылқаушы құдырет,
Жарылқаудың қамын ет.
Қыл көпірдің үстінен,
Сүріндірмей алып от.

Мінген атын пырақ қыл.
Жүрген жерін жұмақ қыл,
Жұмақта орының, тұрақ қыл.
Мәнгі бақи ұзақ қыл.

Асқар тау, аруақ әкеме,
Дұғамды менің мирас қыл.
Ұлылардың шапағатын,
Әкеме де ұластыр.

Бағыштаған Құранды,
Оқыған әрбір дұғамды,
Жарылқаушы Жаратқан,
Қыла көргін ұнамды.

Жақсылардың қосында,
Әкемде менің болсын да.
Қабыл болса тілегім,
Қолдауы болсын қасымда.
790