Анама бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Анама бата

Әмірімен Алламның,
Құрсағында Анамның,
Бір тамшыдан жаралдым,
Ұрпағы мен Адамның.

Екі аяқты мен пенде,
Ақ сүтінен Анамның,
Нәр алып мына жалғанда,
Есебіне кірдім Ғаламның.

Жарылқаушы Жалғанды,
Жарылқа Алла анамды.
Сұрауға сенен тілекті.
Үйреттің беріп қаламды.

Жарық дүниеге келуге,
Себепші болған Анама,
Тілегім бір өзіңнен,
Рахымынды аяма.

Құдыретті шипагер.
Ауруыңа шипа бер.
Нұрға бөлеп мәпелеп,
Төсенішіне ұлпа бер.

Базарында Жалғанның,
Берерінді тауыспа,
Атағын оның жайғайсың,
Алыс, жақын туысқа.

Бар бәлеге тұзақ құр.
Ғұмырын оның ұзақ қыл.
Жарылқаушы Құдырет,
Барар жерін жұмақ қыл.
785