Жар-жар (Құдаларға). / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Жар-жар (Құдаларға).

Ақ сандықты  анасы сақтады ма,
X жар-жар.
Ата –ананың үміті ақталдыма,
X жар-жар.
Құдалар мен құдағый екі жақтан,
X жар-жар X
Құдаласып бір сөзге тоқтадыма,  
X жар-жар X
Құтты болып қадамы құда келді,  
X жар-жар X
Шаңырағына бұл үйдің құт әкелді,
X жар-жар
Бізде міне тойыңды тойлай келдік,
X жар-жар.
Екі жастың бақытын ойлай келдік,
X жар-жар.
Торқалы бұл тойыңыз, құтты болсын,
X жар-жар.
Арадағы мың жылдық, мықты болсын,
X жар-жар.
Құдалардың салтына, жүгінейік,
X жар-жар.
Араңызда той тойлап, біз жүрейік,
X жар-жар.
Төрге шығып құдалар, төрлетіңіз,
X жар-жар.
Құдағыйды ортаға алып, терлетіңіз,
X жар-жар.
Жақсы екен құдалар, келбетіңіз,
X жар-жар.
Келер жылы бесікті тербетіңіз,
X жар-жар.
Осындай той әр үйде, бола берсін,
X жар-жар.
Сіздей құда болардай, бола берсін,
X жар-жар.
Ақ түйенің қарыны, жарылған күн,
X жар-жар.
Ата-анасы парыздан, арылған күн,
X жар-жар.
Ал құдалар бұл тойды тойлаңыздар,
X жар-жар.
Қызығына жастардың, тоймаңыздар
X жар-жар.
Табақ,табақ ас қойдық,алдыңызға,
X жар-жар.
Жамбас пен бас қойдық,алыңыздар,  
X жар-жар.
«Құданы сыйла Құдайдай», деген елміз
X жар-жар.
Бір жегенде бір тайды, жеген елміз,
X жар-жар.
Өз тойынды тойлауға құлшыныңыз,
X жар-жар.
Бұгінгі кұн жарылған, бүршігіңіз,
X жар-жар.
Төрде отырған бас құда, бақуатты,
X жар-жар.
Бәрі жайсаң жақсылар,  аруақты,
X жар-жар.
Бір біріңді құдалар, сыйлаңыздар,
X жар- жар.
Шама келсе көк суды, құймаңыздар,
X жар-жар.
Екі жаққа тілекті, төгіңіздер,
X жар-жар.
Екі жақтың кызығын, көріңіздер,
X жар-жар.
Заманыңның нарқына, еріңіздер
X жар-жар X
Ел беретін кәдені, беріңіздер,
X жар-жар X
Әдет-ғұрып салтынан, аспау керек,
X жар-жар.
Жастар келсе бұл тойды, бастау керек.  
X жар-жар.      
697