Балдызға бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Балдызға бата

Қырда жүрген маралдай,
Керіліп ос, балдызым.
Сабағындай жүзімнің,
Өріліп өс, балдызым.
Қарға аунаған түлкідей,
Құлпырып өс, балдызым.
Ағытылған құлындай,
Бұлқынып өс, балдызым.
Көлде ойнаған аққудай,
Қиқулап өс, балдызым.
Көкте ұшқан қырандай,
Саңқылдап өс, балдызым.
Қоз-лақтай тастағы,
Ойынықтап өс, балдызым.
Қыр гүліндей көтемгі,
Жайқалып өс, балдызым.
Тоты құстай таранған,
Көрікті бол, балдызым.
Құмда өскен құландай,
Ерікті бол, балдызым.
Қызғалдақтай құлпырған,
Қылықты бол, балдызым.
Оқылмаған кітаптай,
Қызықты балдызым.  
1035