Дұға тілек / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Дұға тілек

Күнәдан бізді шектетіп,
Жаратқан Ием жарылқа.
Тазалай гөр рухымызды,
Болғандай қылып ақ ұлпа.

Жаратқан Ием жарлық ет.
Тілегімді қабыл ет.
Ахіреттің күнінде,
Қыла көрме қара бет.

Жаратқан Ием ғафу ет.
Ұлдарымызды «Сұңқар» қыл,
Қыздарымызды «Аққу» қыл,
Дұшпанымызды қаріп ет.

Жаратқан Ием Құдірет.
Мұратымызды асыл ет.
Ұрпағымызды ұлық қыл,
Жолатпай еш қасырет.

Жаратқан Ием бере гөр,
Екі дүниенің базарын.
Ахіретке барғанда,
Нұрлы болсын ажарың.  

Жаратқан Ием Жарылқа
Кешіре гөр кінамды.
Әр нәрседе бастай гөр
Өз ісіне ұнамды.

Жалған сөзден сақта.
Құмартқан көзден сақта.

Қайырсыз істен сақта.
Бұзақы күштен сақта.

Қаралық ниеттен сақта.
Имансыз жүректен сақта.

Ұятсыз данадан сақта.
Дұшпан баладан сақта.

Кәпір жардан сақта.
Жалған ардан сақта.

Кәпір болған елден сақта
Қатын болған ерден сақта

Бекімі жок серттен сақта.
Көмусіз өліктен сақта.

Көргенсіз қыздан сақта.
Кесапатты ұлдан сақта.

Әділетсіз ұлықтан сақта.
Жағымсыз қылықтан сақта.

Өсекші көршіден сақта.
Қаралы елшіден сақта.

Қаралық дұғадан сақта.
Қара ниет емшіден сақта.

Күнәмді әр кез кешіріп,
Алла адал ісімді жақта.
1121