Дұға батасы / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Дұға батасы

Әуелі Құдай оңдасын.
Ай көзінде Әулие,
Күн көзінде Әулие,
Мағрифта Әулие,
Машрифта Әулие,
Бірігіп бәрі қолдасын.
Иман болып жолдасың,
Тажалдың ісі оңбасын.
Көзділердің көзінен,
Сөзділердің сөзінен,
Әзәзілдің азғыруынан,
Екі дүниенің азабынан,
Дұшпанның мазағынан,
Тозақтың отынан,
Патшаның сотынан,
Дауасыз дерттен,
Тілсіз жау өрттен,
Мезгілсіз өлімнен,
Имансыз еліңнен,
Инабатсыз келіннең,
Ақымақ баладан,
Әлжасқан данадан,
Құмар қуған қариядан,
Тасыған дариядан,
Сақтай гөр!
565