Еліме бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Еліме бата

Қазағымды, елімді,
Дешті Қыпшақ жерімді,
Пәлекеттен қорғасын,
Әрбір күнің ашық болып,
Төбеңе бұлт қоңбасын.
Малың менен басыңа,
Кәрің менен жасына,
Сарыарқан кең далаң
Киелі қара шаңырақ,
Дастархан ортақ асына,
Еш жамандық болмасын.
Қыдыр болып жолдасың,
Берекелі бақ қонып,
Қаулап өссін жан басың.
Несібен артып күн сайын,
Өзгеге күнің салмасын.
Мол болып алтын қазына,
Өзегі елдің талмасын.
Иманды болып ұрпағың,
Аруақтан қолдау жалғассың.
Пайғамбар болсын қолбасшын.
Жарылқаса Жаратқан,
Жамандыққа бармассың .
Ақырғы мынау заманда.
Адастырмасын албастың.
535