Дастархан батасы / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Дастархан батасы

Дастарханың базарлы,
Әрқашанда тоқ болсын.
Уайым - қайғын азарлы,
Ешқашанда жоқ болсын.
Қойған дәмің ортаға,
Тамсандырар дәмді болсын.
Жиған ортаң, қонағың,
Сыпайымды, сәнді болсын.
Берген елдің батасы,
Көңілге қонар мәнді болсын.
Қонағың Қыдыр болсын.
Тілегі құнды болсын.
Басына бақ қондырып,
Қамбаң ұнды болсын.
Төріңе келген бек болсын.
Ризашылығы көп болсын.
Тәңір сені жарылқап,
Бақыт құсы кеп қонсын.
Әрбір істе жолың боп,
Көп тілеуі сеп болсын.
Кәсібің  салалы болсын.
Балаң, балалы болсын.
Келінің келісті болып,
Қызың өрісті болсын.
3478