Арнайы бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Арнайы бата

Аман болсын жан басың.
Өсіп өнсін мал басың.
Таршылық көрме жалғанда,
Пендеге күнін салмасын.

Дұшпаның келіп қасыңа,
Аяқтан сені шалмасын.
Өз берекең өзіңде,
Өзегін әсте талмасын.

Ағадан сұрап ақ бата,
Қолыңды жайып алғасын,
Жаратқан ием жар болып,
Жасына жас жалғасын.

Уа, Жараткан Құдырет,
Ақ батамды қабыл ет.
Тілегенің бұл үйдің,
Назарыңа алып өт.

Мадинада Мұхаммед,
Түркістанда Қожа Ахмет,
Маңғыстауда Пір Бекет,
Қолдауыңды салып өт.
884