Жаңа жыл батасы / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Жаңа жыл батасы

Құтты болсын Жаңа жыл!
Қуанамыз баршамыз.
Қыдыр ата келіп тұр,
Ортамызда шыршамыз.
Халқыма келді жаңа жыл.
Құт әкелді, береке.
Жанаша болып күнтізбе,
Басталды бүгін мереке.
Жаңа жылда тілейміз,
Халқымызға молшылық.
Жеріміз биыл көркейіп,
Болмаса екен таршылық.
Бақыт қонып еліме,
Жауын жауып жеріме,
Аулақ болсын қуаншылық.
Бәле жала алыстап,
Қауып қатер қалыс қап,
Ортақ дінде бас қосып,
Барша ұлттың баласы,
Көтерілсе ғарыштап.
Бар тілегін арнаса,
Бір Аллага бағыштап.
Айтып, айтпай не керек,
Қайран қазақ баласы,
Түсінбейсің сөзімді,
Ақиқаттан алыстап.
1718