Дипломға бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Дипломға бата

Көздің майын тауысқан,
Оқуыңыз тәмәм боп,
Ортамызға оралдың,
Бас бармақты маман боп.
Құтты болсын диплом,
Көк байрақтай көкпен көк.
Ажарлы болсын тұрмысың,
Ақшалы болсын жұмысын,
Халқына ет қызымет,
Оқыдың енді кім үшін.
Асыл болсын арманың,
Жасыл болсын орманың,
Бұлбұлы бол ортаңның,
Жамандыққа бармағын.
Ақылың болсын басыңда,
Иманың болсын қасыңда,
Алла оңдап ісіңді,
Аруақ қолдап күшіңді,
Абройың артсын жасыңда.
Өмірде өссін өркенің.
Тағдырдың көр көркемін.
Баянды болсын жұмысын.
Байлық болсын ырысың.
Бақуатты өмір сүр.
Кедейдің тұрмысы құрысын.
738