Іске бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Іске бата

Бастаған ісің дұрыс болсын.
Құт береке ырыс болсын.
Бастаған ісің оң болсын.
Нәтижесі сом болсын.
Жақыныңды есірке,
Халқына тисін пайдасы.
Қанша залым болса да,
Өтпесін дұшпан айласы.
Ниетің қабыл болсын.
Мұратың асыл болсын.
Қоран малға толсын.
Үйін жанға толсын.
Ісің баянды болсын.
Түсің аянды болсын.
Үлгі қылып өзгеге,
Патшаң сені мақтасын.
Аруақ қолдап ісіңді,
Шапағатпен  ақтасын.
Жаратқан Жаппар Иеміз,
Тілмен көзден сақтасын.
Кесір менен кесапат,
Алыс жерден тоқтасың.
Босаған мен төріңде,
Жаманшылық жатпасын.
Айналып көріп ісіңді,
Періште сені жақтасын.
Риза болып Жаратқан,
Бар пәледен сақтасын.
821