Елге бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Елге бата

Күз бен күздің арасы,
Көпір болса екен-ай.
Екі елдің арасы,
Тату болса екен-ай.
Екі діннің арасы.
Біреу болса екен-ай.
Аруақтың қолдауы,
Тіреу болса екен-ай.
Жау мен жаудын арасы,
Кепіл болса екен-ай.
Екі намаз арасы,
Нәпіл болса екен-ай.
Дос пен достың арасы,
Мақұл болса екен-ай.
Дау-дамайдың арасы,
Ақыл болса екен-ай.
Алыстардың арасы,
Жақын болса екен-ай.
Екі создің арасы,
Нақыл болса екен-ай.
Жаман, жаксы арасы,
Алшак болса екен-ай.
Құрбылардың арасы,
Қалжақ болса екен-ай.
Қоңыр шайдың үстінде,
Сары майды жағатын,
Бауырсақ болса екен-ай.
Туысқанның арасы,
Бауыр болса екен –ай.
Тіл мен жақтың арасы,
Жауыр болса екен-ай.
Сал боп жатқан аурулар,
Тәуір болса екен-ай.
Қыстан аман ел шығып,
Сәуір болса екен-ай.
Келіндердің қасында ,
Бесік болса екен-ай.
Бай-шонжардың қалтасы,
Тесік болса екен-ай.
Түрмелердің есігі,
Ашық болса екен-ай.
Азаматы еліне,
Ғашық болса екен-ай.
Қызмет ету елі үшін,
Әр жігіттің қолында,
Кәсіп болса екен-ай.
Қыдыр дарып ұрпаққа,
Имандылық бәріне,
Насіп болса екен-ай.  
Алла суйген құлына,
Барлық жұмақ есігі,
Ашық болса екен-ай.          
1890