Жігітке бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Жігітке бата

Қатыныңның алдында,
Базардан келген бөздей бол.
Жакыныңның алдында,
Жаксыдан қалған көздей бол.
Дау дамайдың алдында,
Үш биден шыққан сөздей бол.
Құрбылардың ішінде,
Көлдегі аққу қаздай бол.
Достарыңның  ішінде,
Мамыра жай жаздай бол.
Ұрпағыңның алдында,
Асқар Алатаудай бол.
Қара ниетті жауыңа,
Алынбайтын қамал бол,
Бітіспейтін дауына,
Жол көрсетер амал бол.
Әділеттің туы бол.
Жақсылардың бірі бол.
Айтып жүрер жыры бол.
Жын, шайтандар кашатын,
Бақсылардың пірі бол.
Елеулі бол еліңе.
Ар-ұяттың құлы бол.
Ең бастысы жалғанда,
Халқыңның адал ұлы бол.
696