Ер азаматқа бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Ер азаматқа бата

Азаматы бол Отанның,
Баласы болғанша атанның.
Қалқаны бол еліңнің,
Қалқасы болғанша апаңның.

Ер азамат болған соң,
Қолыңа қалам алған соң,
Қамын ойла халқыңның,
Басына билік барған соң.

Билігін болсын баянды.
Халқына тисе пайдасы.
Дұшпаның болсын байлаулы,
Өтпесін қулық айласы.

Халқыңның тиіп батасы,
Биліктің бол жотасы.
Атқан тасың тауға өрлеп,
Қолдасын сені Елбасы.

Биік болсын туғырың.
Ұзын болсын кұрығың.
Ақ жолда бол ардайым.
Шаң болмасын шулығың.

Кішінің ағасы бол.
Көзінің қарасы бол
Қандай заман болса да,
Еліңнің панасы бол.
717