Ер жігітке бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Ер жігітке бата

Тұнық болсын құдығың.
Жағымды болсын қылығың.
Асырмасын басыңнан,
Ешбір пенде құлығын.

Тұғырлы болсын тұрағың.
Сәулелі болсын шырағың.
Ұятты болсын алғаның.
Тұяқты болсын пырағың.

Болмасын қолың байлаулы.
Болмасын басың айдаулы.
Әрқашанда жолың болып,
Қалмасын бармақ шайнаулы.

Жамандықты көрмегін.
Жалған сөзге ермегің.
Жанашырың көп болып,
Жалғыздықты білмегін.

Саудаң болсын базарлы.
Тұрмысың болсын ажарлы.
Кәміл болып иманың,
Аруағың болсын мазарлы.
1842