Азаматқа бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Азаматқа бата

Шаңырағыңыз еңселі,
Керегеңіз кең болсын.
Ел ішінде елменен,
Терезеңіз тең болсын.

Еменнен болсын дінгегің.
Мықты болсын ілгегің.
Алыстан болсын алғаның.
Жакыннан болсын ілгенің.

Жамандықтан алыс бол.
Балекеттен қалыс бол.
Далалы жерде бөрі бол.
Таулы жерде барыс бол.

Торқалы тойдан қалмағың.
Топпен болсын салмағың.
Берер кезде беріп қал.
Оңтайлы болсын алмағың.

Қоңыраулы болсын күймеңіз.
Асыл тас болсын түймеңіз.
Жакынға балап жақсыны,
Дұшпанға басыңды имеңіз.
779