Ерге бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Ерге бата

Қандай заман болса да,
Алды артың кең болсын.
Қанша ауыр болса да,
Артқан жүгің тең болсын.
Таразының басында,
Кателігің  кем болсын.
Ақ дегенің алғыс боп,
Тарыққан мынау халқыңа,
Шипа дарып, ем болсын.
  Қасарысқан жауыңның,
Арты топан су болып,
Алды Бетпақ шөл болсын.
Қара ниет дұшпаның,
Ит пен құсқа жем болсын.
Астыңнан тағың таймасын.
Басыңнан бағын таймасын.
Әрбір жақсы ісіңнің,
Көрсін халықың пайдасын.
Аулаңда гүл жайнасын.
Үйіңде бұлбұл сайрасын.
Дастарханың мол болсын.
Ұлыңа ұл қосылып,
Қызына қыз қосылып,
Қалың орман ел болсын.
717