Балаға бата / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Балаға бата

Тәй-тәй басқан балаңыз,
Қозы-лақтай  ойнасын.
Екі жасқа келгенше,
Анасын еміп, тойған соң.

Бес жасында  сүндет той,
Мұсылмандар тойласын.
Балаң болды «мүмін» деп,
Алаканын жайған соң.

Жеті жасқа жеткенде,
Қалам алсын қолына.
Көп тілеуі көл болып,
Аттансын білім жолына.

Он үш жасқа келгенде,
Беліне белдік байласын.
Ата салтын алға ұстап,
Алтын сақа ойнасын.

Он бес жасқа келгенде,
Әкесіне дос болсын.
Өнеге алып ұлкеннен,    
Акылға айтқан көш болсын.

Он сегізге  келгенде,
Кер маралдай керіліп.
Бөрік кисін басына.
Жиналсын жақсы касына.

Жиырма беске келгенде,
Аузына елі қарасын.
Азаматы болып халқының,
Кәдесіне жарасын.

Қырық жасқа келгенде,
Қыдыр қонсын қасына.
Ақ дегені алғыс боп,
Тақ орнасын астына.

Елу жасқа келгенде,
Ердің болсын ағасы.
Еліне болып елеулі,
Болсын тонның жағасы

Алпыс жасқа келгенде,
Ақылшы болсын еліне.
Жалғастырсын батамды,
Дастарханның төрінде.
1142