Ас батасы / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Ас батасы

Ордалы болсын еліңіз,
Сақалды болсын төріңіз.
Ұрпагың өсіп артыңнан,
Қызығын оның көріңіз.

Келінің болсын келісті.
Құрсағы болсын өрісті.
Ұлың болып арқалы,
Болмасын қызын кемісті.

Асың болсын табақты,
Баспасын қайғы қабақты.
Қоныс жерін қонды боп,
Туың болсын барақты.

Асын болсың қазанды,
Иманың болсын азанды.
Құт береке айналаң,
Алмасын ешкім мазаңды.

Отарлы болсын қойыңыз,
Торқалы болсын тойыңыз,
Біз келгенде қонаққа,
Семізінен сойыңыз.
1200