Бойжеткен қызға өсиет / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Бойжеткен қызға өсиет

Қазақтың қызы болсаңда,
Басқа тілде таныссаң,
Татарсың жаттың дәм тұзын.
Еліңмен қатар жұрмейтін,
Халқыңның қадірін білмейтін,
«Жаным» деп жатпай қасына,
«Жарқыным» деп күлмейтін,
Жолығарсың еркекке,
Аруағына бас имейтін.
Итшілікте, ит өмір,
Қазақтың текті қыздары,
Еш заманда сүрмейтін.
Балаң өсер есер боп.
Бата менен атаны,
Елемейтін, білмейтін.
Шыбық мініп астына,
Ит жүгіртіп, үрмейтін.
Қозы-лақпен жарысып,
Қолдан қамшы өрмейтін,
Асық ойнап, алысып,
Ақтың қадірін білмейтін.
«Құлыным»деп әжесі,
«Тентегім»деп атасы,
Иіскемейтін, сүймейтін.
Есейсе де ер жетіп,
Қазағың үшін, ел үшін,
Отқа түсіп күймейтін.
Әдет-ғұрып салтына,
Құлықты бас имейтін.
«Мұрын»десең,« құлақ»деп,
Тіліңді Ана білмейтін.
Әзіл менен қалжыңға,
Мейірі қанып күлмейтін.
Қуыс кеуде, құбыжық,
Есебіне елдің кірмейтін.
Тұқымыңды туралап,
Тегіне сенің тарпайтын.
Сапқа тұрып «Уралап»,
Ұраныңды айтпайтын.
Қайда жүрсе бәрі бір,
Сағынып кері қайтпайтын.
Ата болса кейінде,
Баласына байыптап,
«Ер төстікті» айтпайтын.
Шежіреңді білмейтін,
Дініңе құлақ түрмейтін.
Сақалы жоқ, мұрты жоқ,
Желкелікті көтеріп,
Басына тымақ кимейтін.
Ит жүгіртіп, құс салып,
Дүбірлетер даланы,
Жігіттікті білмейтін.
Осындайды көргенше,
Сонда саған не қалды,
Тірідей көрге кірмейтін.          
1296