Ерге азаматқа өсиет / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Ерге азаматқа өсиет

Әділетті бол халқына.
Жетім, жесір, жартыңа.
Қамқоршы бол әрқашан,
Жақыбай мен жарлыға.

Құр айқаймен ұралап,
Қарамай кетпе артыңа.
Бай шекпенді нөкерлеу,
Нашарлықтың ғұрпында.

Өнер жұртын қадірлеу,
Қазақтың әдеп, салтында.
Ынғай берме ешқашан,
Таныстықтың парқына.

Марапатқа мастану,
Надандықтың артында.
Параменен ластану,
Жемқор-пасық құлқында.

Абыройсыз маскүнем,
Ар-намыстың сыртында.
Жағымпаздық әркімге,
Жетесіздік ырқында.

Қазынасын жеу халықтың,
Имансыздың ісінде.
Ондай пасық әкімдер,
Доңыз сынды пішінде.

Қарабастың қамын жеу,
Тексіздіктің үлгісі.
Жетім жесір нанын жеу.
Қайырсыздың белгісі.

Адамды ойлау бірінші,
Адамдықтың белгісі.
Малын ойлау бірінші,
Надандықтың белгісі.

Қатын құмар адамның,
Ойнас болар ойында.
Сезімі болмас адалдық,
Тазалық жоқ бойында.

Екі сөйлеу халыққа,
Арсыздықтың белгісі.
Онаң үміт қайыр жоқ.
Келмес адам көргісі.

Осылардан пәк болсаң,
Нық болады қадамың.
Риза болсын әркашан,
Алдына келген адамың
399